Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ

Наурыздың соңғы күндері Ақтау қаласында ҚР каратэ-до шиторюдан чемпионат жарысы өтті.
Ақмола облысының жинақталған командасына Щучинск қаласының «Шидай» клубының 25 каратэшілері енді, жетекші-жаттықтырушылары № 14 Щучинск сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Олжас Нұрмағамбетов.
Чемпионат ойынында 12 облыстан 578 спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Ақмола облысынан бірінші болып кумитэ бағдарламасы бойынша бес сынаққа қатысып, Əділ Ғалиулла жеңіс тұғырына көтеріліп, біздің жинақталған құрама командаға алтын әкелді. Сондай-ақ керемет жақсы көрсеткіштермен ката және кумитэ бағдарламалары бойынша қыздарымыз Анастасия Семкина, Марат Дамина, Анжелика Ложечник, Мария Кузина, Сәуле Тұрлыбековалар батылдық танытып, командаға бірнеше алтын мен қола сыйлады. Михаил Горобец, Константин Зелинский ҚР қала жүлдегерлері атанды, олар үш қақтығыста райынан қайтпай, намысты қолдан бермеді. Данил Воронин ІІ-орын алып, финалдағы қорытынды ойында Жамбыл облысының каратэден ҚР бірнеше дүркін чемпионына дес бере алмай қалды. Талғат Қоқышев ІІІ-орынды тізгіндеп, ҚР екі дүркін жеңімпазы атанды. «Шидай» клубының қоржыны 12 медальға толықты: 4 алтын, 1 күміс, 7 қола.
Салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа ден қойып жүрген болашағы жарқын, келешегі келбетті, ойлары ұшқыр, өздері батыл жас спортшы-жерлестерге және жаттықтырушысы Олжас Нұрмағамбетовке үлкен додадағы жеңістеріңіз құтты болсын дейміз.

«Бурабайдың» өз ақпараты

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *