Діни бірлестіктермен байланыс нығая түсті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанованың төрайымдылығымен Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелерінің отырысы өтті.

Кездесу отырысына Щучинск қаласы, Бурабай кентінің әкімдері, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында төмендегі сұрақтар қарастырылды:

  1. «Бурабай ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу» бұл жөнінде ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Қымбат Әбділованың ақпараты тыңдалды.
  2. Еліміздегі діни ахуал және тіркеуге тұрмаған діни бірлестіктердің қызметі жайында Щучинск қаласының әкімі Бекахмет Махметов, Бурабай кентінің әкімі Шыңғыс Темірбеков өздері дайындаған ақпараттарын ұсынды.
  3. Жас жеткіншектер мен өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу жалпы діни бірлестіктердің қоғамдағы атқаратын рөлі туралы Бурабай ауданының бас имамы Жаслан Ертихалов өз баяндамасында егжей-тегжейлі әңгімелеп айтып берді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова отырысқа қатысқан барлық діни бірлестіктер басшыларына, кеңес мүшелеріне, аталмыш тақырыптың көтерер жүгі ауыр екеніне жете көңіл бөліп, ауданымызда жат ағымдардың болмауына тосқауыл қойып, жоспарға сай жұмысты ширата жүргізуге сенімдік білдіріп, үлкен жауапкершілік танытуға жүктеді.

«Бурабайдың» өз ақпараты

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.