Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ

«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «НұрОтан» партиясы Бурабай аудандық филиалында аудан әкімінің  орынбасары М. Б. Нұрпанованың қатысуымен «Щучинск балалар үйінің» бас дәрігері Дана Шахметованың ақпараттық хабарламасы тыңдалды.

Бүгінгі таңда аталмыш балалар үйінде туғаннан 4 жасқа дейінгі 34 бала бар (10 кемтар бүлдіршіндер). Үстіміздегі жылдың І-тоқсанында 2 бала Көкшетау қаласы және Аршалы ауданынан түссе, 5-і кейін қайтарылды, жанұяға-2, 1-тәрбиеге отбасына берілді, 2-қонақ ретіндегі келісім шартпен жіберілді. 5 топ жұмыс істейді. Барлық бүлдіршіндер аналары тастап кеткендер емес, «Үміт» (Надежда) тобында 13 бала үш жасқа дейін уақытша тіркелген. Ата-аналары бұл сәбилердің көбіне өте жас, жеке басты аналар көрінеді. Әрине, мұндай жағдайда сәбилердің өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретіндей жанұяда тәрбиеленгенше, оның балалар үйінде болғаны қауіпсіз.

Балалар үйінің басты мақсаты — әрбір балаға жекеше көңіл бөліп, әлеуметтік ортаға дұрыс бейімдеу, балалардың есейіп даму жолында жауапкершілікпен қарап, денсаулығы мен өмірін сақтап қалу.

Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «ЖасОтан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Көтерілген сұрақтардың бәрі бақылауға алынды.

             Қ. Өміртаева, «НұрОтан» партиясы Бурабай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.