Біздің мақтаныштар

Асыл тастан,

Өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда  нанымды.

Бұл шындықты, күнделікті

Көріп жүрміз өмірден,

Сан мыңдаған жастар өсті.

Өнері асқан танымды, демекші мектебіміздің биылғы оқу жылында мақтанышы болған жас таланттардың өнерін оқырманға паш ету мақсатында қолыма қалам алып, ойымды ақ қағазға өрнектедім. Қазақ халқы «Бұлақ көрсең көзін аш» деп, бойында қабілеті бар баланы қолдап, қуаттап бәйгеге қосу да жауакершілік. Биылғы оқу жылында өнерлі, алғыр балалардың басын қосып, оларға «Мирас жастары» деп айдар тағып, сахнада әзілден ой үйіруді үйретіп, өнер бәйгесіне қостық. Жетекшісі мектебіміздің тәлімгері Әлімжанова Маржан Сансызбайқызы. Қазіргі таңда КТК сайысы жастарды сүйіп көретін бағдарламасына айналды. КТК сайысы оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, сахна мәдениетіне үйретеді. «Мирас» жастары командасы үшін биылғы жыл жемісті болды деп айтуға болды. Аудандық КТК сайысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, сайыстың Гран-при иегері болды. Мамыр айында КТК сайысының облыстық кезеңіне жолдама алып, ол сайыста да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі І орынға иеленді. Бұл жеңіс аудан үшін де маңызды. Себебі соңғы жылдары ауданымызда қазақ тілінде ойнайтын КТК командасы жоқтың қасы деуге болады. Жарқ етіп, жұлдыз болған «Мирас жастары» КТК командасы ана тіліміздің мәртебесін әзіл арқылы облыс деңгейінде көрсете білді деп айта аламын. Командадағы Бауыржан есімді оқушымыз әзіл десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Осыған дейін де ол бастауыш сыныптан мектепішілік  әзіл сайыстарына қатысып, көрермен жүрегіне жол тапқан оқушы. Сонымен қатар команданың намысын көтеріп жүрген Әділ әділетті, Ұлан ұмтылғыш, Ислам сымбатты, Шерхан тапқыр, Әділ әзілкеш, Жансая сұлу деп мақтан тұтам. «Мирас жастарының» алдында «Жайдарман» КТК сайысына қатысу мүмкіндігі тұр. Сондықтан да өнерлі балалардың қанатына жан бітірген, ойларын жүзеге асыруына мұрындық болған мектеп басшысы Кушекова Бибігүл Қуанышқызына мың алғыс! «Жайдарманның» төрінен орын алып, облысымыз, ауданымыз, мектебіміздің мерейін асқақтатар күн тусын. Мектебіміздің мақтаныштары тек қана алға!

Баян Бекетай,

№9 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.