Бақытты балалық шақ

1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Қарашілік орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері Айгүл Шайкенова мен Алтынбек Сәдуақасовтардың ұйымдастыруымен мереке өткізілді. Мектепалды ата-аналарымен жүздері бал-бұл жайнаған балалар жинала бастады. Бастауыш сынып мұғалімдері мерекеге арналған бағдарламаларын ұсынды.

Мерекеге жиналған балаларға,  қонақтарға концерт қойылды. Балаларды мектеп директоры Махаббат Уалиева құттықтады.  Келесі кезеңде ағылшын тілі пәні мұғалімі Гүлнар Мархмадова Enjoy English қызықты өткізсе, дене шынықтыру пәні мұғалімі О.Б. Қуандықов спорттық шаралар ұйымдастырды. Ал, Ә.Қ. Құлмағамбетова мен Н.Р. Құлмағамбетова ұйымдастырумен өткізілген  «Тапқырлар», «Ойна да, ойла», Л.Р. Өтемісова «Ертегілер әлемінде» атты ойындары нәтижелі болды. Мерекені өткізуге ауылдың шағын жеке кәсіпкерлері Гүлнар Рахматуллина мен Майра Мутиш және Салтанат Өкпенова балаларға дәмді сыйлық таратуға демеушілік көмектерін көрсетіп, балаларға қуаныш сылайды.

Осы игі істері үшін асыл жандарға мектеп тарапынан алғысымызды білдіреміз.

Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш, күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында, аспанымыздың ашықтығында. Осындай бейбіт заманда лайым бақыттың кілті әрқашан балалық шақта болатынына сеніміміз мол.

А. Шәйкенова, А. Сәдуақасов,

Қарашілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.