Коммуналды қызметтің жұмысын пысықтады

«НұрОтан» партиясы аудандық филиалында аудандық мәслихаттың депутаты, Ұрымқай орман шаруашылығының басшысы Жұмабек Бектұров жеке сұрақтарымен азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар коммуналды қызметке көңілдері толмайтындарын жеткізді. Әсіресе аулаға шығарылған қоқыс жәшіктері уақытылы босатылмайды, адам бойындай өсіп кеткен шөптер де қырқылмайды, маңайлары қоқыстардан тазартылмайды. Щучинск қаласының жолдарына әсіресе С.Сейфуллин, Зеленый көшелері автобус қатынайтын жолдарға жөндеу жұмыстары ауадай қажет. Бурабай кентінің өзінде жаз бойы қоқыстан көзің ашылмайды, қызмет көрсетудің сапасы өте төмен. Жыл сайын биліктегілерге айта-айта сөзіміз жауыр болды, мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылау талаптарды күшейтпесе, баяғы бір жартас сол жартас болып қашанғы жүре бермекпіз?!

Халық қалаулысы қабылдауға келгендердің сұрақтарын қойын дәптеріне жазып, жауапты органдарға жеткізетінін тілге тиек етті.

  «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *