Жастар — болашақтың кепілі

Заманның шырағын жағатын, оны өшірмейтін — жастар. Қазіргі жастар қай салада болса да көш бастап тұр. Өнерде де, өлеңде, спортта да, ғылымда да. Өйткені әлемдік деңгейде жаһандану процесі үдеріссіз дамып жатыр. Жастарымыз соған сай қалыпты азамат, қағидалы азаматша болып жақсы қырларымен танылып жатыр. Демек заман жастардыкі. «Болашағыңды ойласаң жас шыбықты бапта» -демекші заңы тұғырлы, мәртебесі биік, бағыты мұратты тәуелсіз елдің жастарының қолтығынан демеп, беделін көтеру бүгінгі уақыт талабы. Елбасы өзі бастап, мемлекет бірауыздан қостап, жастардың мәртебесін көтеруге күш салып жатыр.

Өткен аптада Щучинск қаласындағы педагогикалық колледждің мәжіліс залында Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен бүгінгі жастардың мәселесі және де болашаққа бағыты аясында үлкен жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Қанат Қарауылов қатысып, жастармен жүздесіп, емен-жарқын ашық сұхбаттасып, аудан экономикасынан хабардар етіп, баяндамасымен өзінің ойын ортаға бөлісті.

Бурабай ауданы бойынша ақпараттық-насихаттау бөлімінің теолог-маманы Тоқсанбай Шәріпов мінбеге көтеріліп, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған кейбір бағыты теріс, сананы улайтын, басқа жолға түсіретін азғырушы діндердің аясында лекциясымен бөлісіп, жастарға қарапайым тілмен айтып жеткізді. Бұдан кейін ауданымызда әр салада қызмет атқарып жүрген жастары өздерінің көкейлерін мазалап жүрген сауалдарын аудан басшысы Қанат Серікұлына жолдап, тұщымды жауаптарға қанағаттанды. Сондай-ақ бас қосқан алқалы жиында көтерілген басты тақырып жастар арасында ұсақ-түйек қылмыстардың өршіп бара жатқандығы, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуден бас тартуы да көкейкесті мәселе болып тұрғаны жайында да айтылды. Сонымен қатар биылғы жылдың өзінде кәмелеттік жасқа толғандардың арасында 12 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде әлеуметтік парақшалар мен барлық бұқаралық ақпарат беттерін өздеріне аударған Дмитриев ауылында болған қанды оқиғаның қалай болғаны жайында Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің офицерлері  Елена Свидзинская мен Айғаным Құрманбаевалар баяндап берді.

Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Тимур Ысқақов пен Бурабай ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Бибігүл Тыржановалар баяндамаларымен бөлісіп, былтырғы жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Жалпы бұл жиыннан жадымызға түйгеніміз жастарымызға жаңа серпіліс арқылы өмірге бейімделу керек. Еңбектеніп, ертеңгі күні елдің басты бағытты адамы болуына қалыптастыру.

Жиын соңында еңбекте белсенді жастар марапатқа қол жеткізіп, салтанатты түрде қошемет жасалды.

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.