Жаңа кітаптар

 Талап қыл артық білуге, 

 Артық білім кітапта,

 Ерінбей оқып көруге.

  Абай

Бурабай орталық аудандық кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптарды оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Досанов С.

«Тәуелсіздік толғауы» Көсем сөз, көркем сөз. / Сәбит Досанов — Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; Дәстүр, 2017. — 384 бет.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Махмуд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Аймұханұлы Досановтың бұл кітабындағы шығармалар  — Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі.

Қаңтарбаев Ә.

Жұлдыздар сөнбейді: Новелла, әңгімелер, көркем очерктер, публикациялар. / Әлібек Қаңтарбаев. — Алматы: ЖК «Баспа», 2017.          – 338 бет.

«Жұлдыздар сөнбейді» — жазушы Әлібек Қаңтарбаевтың әр жылдары жазылған шығармаларының жиынтығы.

Автордың кез келген шығармасындағы кез келген кейіпкерінің көген-түптегі асқақ арманы біреу, ол  — Егемендік. Егіле, үздіге аңсайды соны. Жазушы «Алаш азаматы» атты интеллектуалдық сұхбатында академик Ережеп Мәмбетқазиевпен диалогқа түсе отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда, оның ішінде білім беру саласында болған қиыншылықтар, жалпы осы саланың бүгіні мен ертеңі хақында ой толғамдарын беруге әрекеттенген.

Жинақтың соңғы бөлімінде қазақтың әдебиеті мен өнерінің біртуарларымен жүргізілген сұхбаттар, көркем очерктер берілген. Автордың тілі жатық, ой толғамдары салиқалы да салмақты. Бұл жинақтағы кез келген шығарма оқырманын бейжай қалдырмасы анық.

Кенесбаев Т.

Ойшоғыр. Повесть, әңгімелер. / Талғат Кеңесбаев. — Алматы: «Баспа»     

ЖК, 2017. — 288 бет.

Белгілі жазушы Талғат Кеңесбаев «Ойшоғыр» повесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамның қалыптасу кезеңін және адамдардың қарым-қатынасын, бауырмалдылығын суреттейді.

Кітаптың тілі шұрайлы. Шығармалары жеңіл оқылады. Кітап қалың оқырманға арналған.

Асабаев З.

Замана тынысы: Очерк, эссе, көсемсөз, естеліктер. / Зәкір Асабаев.- Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС; Дәстүр, 2017. — 384 бет.

Белгілі жазушы-журналист Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамды толассыз жүріп жатқан құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, әссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық.

Кітапта күллі бір кезен, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары, суреттеледі.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Жүністегі К.

Көгілдір күмбез. / Кәмел Жүністегі. — Алматы: «Мер-Press» баспасы, 2017. — 380 бет.

Белгілі қаламгер Кәмел Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан», «Үміт көшігі» тәрізді хикаяттарымен қатар «Өмір суруге хақысы», «Қазан астында», «Көжедегі құрт», «Конвой» секілді әңгімелері еніп отыр.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

 М. Жүнісова, ОКЖ библиографы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.