Ағаларын ұмытпаған абзал інілер

Ғалымның хаты, әлімнің аты, жақсының шарапаты, мейірімді жанның ыстық ықыласы көкіректен кете ме, кетпейді. Күні кеше ғана аталы сөзді, терең ойды, сұңқарға тән адуындықты, қыранға тән қырағылықпен тіршілігінің соңын түйіндеген Оңалбек Кенжебектің інілері һәм теміржол саласының қызметкерлері сонау түркінің бел баласының басы қосылған киелі Түркістаннан арнайы келіп, жазушы, сатирик, ақын, аудармашы, жорналшы О. Кенжебек тұрған Ломоносов көшесі, 6 үйдің іргесіне қойылған ескерткіш тақтасын тамашалап, ағаларының еңбегін елеп-ескерген жергілікті аудан және қала басшылығына ризашылықтарын білдіріп, көңіл көзіндегі жылы сезімдерімен бөлісіп, арқа-жарқа болды.

Бір қызығы бұл жігіттердің барлығы теміржол саласының темірден түйме түйген мамандары. Жазушы көзінің тірі кезінде ел мен елді елдестіріп жататын, қызығы мен шыжығы көп теміржол саласында аудармашы болып біраз жыл қызмет атқарған болатын. Бүгінгі күні Арыс қаласында туған інісі Болат Кенжебек пен кіндігінен тараған ұлы Нұрлан Кенжебековте Астана қаласында теміржол саласында қызмет атқарып, ел игілігі үшін тер төгіп жүр. Оңтүстіктен келген теміржолшы жігіттер Б. Сыздықов, Б. Ахметов, Н.Ғалымжан, Қ. Шағырбаев, Ө. Аян, Б. Ешмағамбетов, Б. Оразбаев, Н. Алдашов, Ғ. Бейсенов өздерінің төл мейрамдары күні ескерткіш тақтаның алдында естелік суретке түсіп, жазушының үйінің берекесін арттырып, отын өшірмей, есімін елге насихаттап жүрген жарына інілік ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Раиса Нығметжанқызы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.