Халық қалаулысы ел ішінде

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Коммунистер партиясының мүшесі Владислав Косарев Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласына арнайы ат басын бұрып, қаламыздағы Мәдениет үйінде жергілікті қала тұрғындарымен кездесіп, бүгінгі күні елдің сенімін ақтап отырған халық қалаулыларының атқарып отырған жұмыстары жайлы елді хабардар етіп, өз ойын көпшілікпен бөлісті. Сонымен қатар бұқара халыққа шығарған Үкіметтің түрлі бағдарламасының өңірлерге тиімділігі бар ма, ауқымы кең бағдарламалар ел ішінде қалай атқарылып жатыр. Бұл жөнінде де өзінің көкіректегі пәрменді пікірімен бөлісті.

Жалпы Владислав Борисовичтың айтуына қарағанда халыққа шарапаты тиетін Үкіметтің арнайы тапсырмасымен қаулы шығарып, бекіткен бағдарламаларды жер-жердегі жұмыссыз халыққа дұрыс ақпараттандырылып жетпей жатыр. Себебі  ауыл халқының көпшілігі жасыратыны жоқ күні бүгінге дейін өз-өздерін жұмыспен қамтып отыр. Бірақ қолдағы малының қызығынан көрі, бейнеті асып тұр. Қазіргі күні ауыл-ауылдан сүт жинайтын орталықтар жоқ, неге ашпасқа?! Сонымен қатар елімізде жемқорлыққа қарсы күрес күшейіп жатқанымен, түрлі тосқауылға қарамастан жемқорлық белең алып барады. Сыбайлас жемқорлық жүрген жерде тек сенімсіздік туындап, елдің экономикасына зор қауіп төндіріп, төмен құлдырай береді,- дейді халық қалаулысы.

Халықпен кездескен депутатқа жергілікті тұрғындар өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдап, депутат тарапынан мазмұнды жауаптар қайтарылды.

Ж. Кәріп 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *