Басымызға бақ қонған айшықты күн

30 тамыз Ата Заңымыздың алтын тұғыры еліміздің негізгі заңын қабылдаған, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі. Жаздың сонғы күндері шапағат нұрын сеуіп, табиғатта құп алғандай, сәулесін төгіп тамылжып тұрды. Мемлекеттік маңызы бар қандай мерекені болсын, қалт жібермейтін қала тұрғындары мен аудан қонақтары, аудандық Мәдениет үйі алаңына асықты. Театр киім ілгіштен басталса, мәдениет сарайының алды тұнғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың, ата заңымызды қабылдағаннан бергі жарық көрген бірнеше кітаптарымен, ауданымызда тұрып еңбек етіп жатқан өздерінің туған өлке жайлы ойларын жыр шумақтары, қара сөз арқылы баспадан шығарған қаламгерлердің туындыларымен, балалар шығармашылығына арналған әдістемелік және ертегі кітаптар, «Лира» поэтикалық сазды клубы шығармашылық бірлестігі ақын-жазушыларының еңбектері қойылған, әр түрлі кітаптар мен естелік фото альбомдар көпшіліктің көңілінен шығып, мерекеге қатысушылардың қызығушылығын туғызды.

Аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова шаңғы роллері бойынша, Бурабай ауданы ашық чемпионатының басталар алдында жарысқа қатысушы қыз-жігіттерге, жеңіс тұғырынан көрініп, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында, сәттілік және құтты қадам тіледі. Жаттықтырушы маман жарыс бағдарламасын түсіндіргеннен кейін старт беріліп, спортшы жастар жарыс көрігін одан сайын қыздырды. Соңғы кездерде асфальтта түрлі-түсті ою өрнектермен, бала қиялындағы суретті бейнелеу өнері жақсы үрдіс алды. Бұл жолғы мерекеде де бүлдіршіндер және бастауыш сынып оқушылары, қиялындағы суреттерін көркемдеп, Қазақ елі, Ұлы дала, оның президентіне деген құрмет және сүйіспеншіліктерін ертегідегідей, көркем шығарма жұмыстарымен әрледі.

Щучинск тарихи өлке тану мұражайының директоры Раушан Айтикенова, аудандағы қолданбалы және қол өнер шеберлерінің озық шыққан жұмыстарын, көрмеде заманауи үлгіде көрсете алды. Белгіленген мерзімде аудан басшылары, салтанатты жиынға жиналған көпшілік қауым, мәдениет үйінде өткен іс-шараға қатысты. Кеш жүргізушілері мерекелі күннің ажарын ашып сахнаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік көк туы енгізіліп Әнұранымыз шырқалды. Ауданымыздың  әкімі Қанат Қарауылов барша жерлестерін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдық меркесімен құттықтап, Ата Заңымыздың аясында ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың, көрегенді жүргізіп отырған пәрменді саясатының арқасында, ел экономикасы көтеріліп, халқымыздың әл-ауқаты артып, Қазақстан дербес мемлекет ретінде айдай әлемге танымал болғанын жеткізе келе, ел игілігі жолында атқарып жүрген бурабайлықтардың еңбектеріне табыс, отбастарына амандық, жалпы Қазақ еліне бақ-береке ынтымақ пен бейбітшілік тіледі. Мемлекеттік мерекеге орай қызметте абыройлы, қоғамдық жұмыстарда белсенді, бір топ еңбек азаматтарын марапаттады.

Ақмола облыстық мәслихатының «Алғыс хатымен», аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Қасымхан Мажиков марапатталды. Бурабай ауданы әкімінің Құрмет грамотасына, Евгения Михаилова жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бухгалтерлік-есеп секторының меңгерушісі, Нұрсұлу Елемесова Успеноюрьев ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, Галина Телегенова «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚМКҚ директоры, Андрей Бориско «Бурабай Су Арнасы»ШЖҚМКҚ қауіпті жерлерді жөндеу слесарі, Лариса Анохина мемлекеттік архивтің бас бухгалтері, Ольга Герлинг аудандық мәдениет үйінің әдіскері, Галина Анисимова «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы, Ирина Сулейманова Щучинск педогогикалық колледжінің оқытушысы, Марат Аяқбергенов Бурабай аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полициясының учаскелік инспекторы, Екатерина Цигвинцева «Авиценна-Бурабай» серіктестігі кадр бөлімінің инспекторы, Татьяна Моткова «Бурабай проект» серіктестігінің директоры, Айша Ақынова ЖК «Текстиль центр» директоры, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Бақытжан Каримов Щучье қалалық электр желілері филиалының шебері, Салтанат Келдиярова «Ақ бидай-2017» облыстық спартакиада жарысында отбасылық жарыстың жеңімпазы, Любовь Воропаева волейбол және баскетбол ойындарынан «Ақ бидай-2017» спартакиадасының күміс жүлдегері, Жамбыл Көжебай үстел тенисінен Бурабай ауданының құрама командасында, «Ақ бидай-2017» спартакиадасының күміс жүлдегері,  Юлия Чигасова үстел тенисінен «Ақ бидай-2017» спартакиадасының күміс жүлдегері, Галина Автаева президенттік көпсайыстан, «Ақ бидай-2017» спартакиадасының күміс жүлдегерлері қол жеткізді.

«Қазақстанның болашағы-жастардың қолында»,-деген  Елбасымыздың қанатты сөзі бар, ендеше кемел келешегіміз бір топ жастар: Дамир Оспанов, Матвей Орлов, Жанель Мұратова, Бақдаулет Еркебұлан, Валерий Лебеда аудан әкімі Қанат Серікұлының қолынан, жеке куәліктерімен естелік сый-сияпаттарын алды. Ауданымызға танымал өнер ұжымдары  мен әуезді әншілерінің дайындаған мерекелік сазды бағдарламасы көпшіліктің көңілін жадыратып мерейін тасытты.

Мәдениет үйіндегі іс шара аяқталсымен ғимарат алдындағы алаңда, «Лира» поэтикалық сазды клубының шығармашыл ұжымы өздерінің, авторлық және танымал ақындардың патриоттық рухта жазылған, туындыларын жатқа оқыды. Қалалық саябақта да көпшілік іс-шара жалғасын тауып, «Арман» МТОТЖО өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, таэквондо үйірмесінің аудан, облыс, республика, көптеген халықаралық сайыстардың жеңімпаз спортшы жастары және бүлдіршін балапандардың көрсеткен жеке қойылымдары мереке қонақтарының көңілін аулады.  Байтақ елім киелі жерім-Қазақстан тақырыбындағы суретшілердің жасаған көрмесі де, тақырыпты ашу және атқарылған жұмыстардың мазмұны мен шеберлігі үйлесім тауып көрерменді өзіне баурап алған дара қасиеттерімен көпшілікті тәнті етті.

Конституция — бұл ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз,-деген Елбасының сөзімен аяқтауды жөн санадық.

                                        Болат Сабырұлы 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.