Ұстаздардың ұстазы тамыз кеңесіне қатысты

Қаламызда былтыр ғана ашылған зәулім білім ордасы №7 мектеп-лицейінің алды лық толы көліктер. Кіріп шығып жатқан марайма мінезді педагогтар, тамыз кеңесіне жиналған ұстаздардың ұстазы атанған, мұғалімдер мен тәрбиешілер жақсы көңіл-күймен жаңа оқу жылына әзір екендіктерін аңғартып, бір-бірлерін келе жатқан қос мерекемен құттықтап, сыңғырлай күліп, сазды үнмен қауышып жатыр.

Мектеп-лицейдің ішіне ауданға қарасты көптеген ауылдардың мектеп әкімшіліктері арнайы ауылшаруашылығынан көрме ұйымдастырыпты. Әрбір мектеп өздерінің жасаған көрмелерін насихаттап, аудан басшыларының алдында оқу саласындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Тамыз кеңесінің жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, педагогикалық саланың еңбек ардагерлері, Щучинск қаласы мен Бурабай кенті, селолық округтердің әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бурабай ауданы білім қызметкерлері тамыз кеңесінің биылғы тақырыбы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімінің үлесі»-деп аталды.

Кеңес жұмысын аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова ашып жүргізіп отырды.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімнің үлесі»- атты тақырыбында Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Жангелді Төлегенов тартымды баяндама жасап, слайд арқылы көркемдеп көпшілікке жеткізе білді.

Баяндама аяқталысымен жарыссөзге шығушылар кезекпен мінбеге көтеріліп, өздеріне жүктелген тақырыпты кеңінен ашуға тырмысты.

Бүгінгі елді-мекендегі білім ахуалының жай-күйі жайында Атамекен ауылдық округінің әкімі Дауылбай Қапезов баяндама жасап, Атамекен орта мектебінің тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, округ әкімдігімен мектеп әкімшілігінің бірлесіп атқарған жұмыстары жайында ойын ортаға салды.

«Ақбота» бөбекжайының директоры Бақыт Бостанбаева «Бүгінгі балабақшалардың заманауи білім беру жүйесінің бөбекжайда қалай атқарылып жатқаны жайлы» өз ойын көркем тіл, көрікті үнмен жеткізе білді. Қазіргі күні үкіметтің тапсырмасымен үштілділік қолға алынып, бөбекжай қабырғасында тәрбие алып жатқан балауса балғындар қазақ, орыс және де әлемдік аренада өзіндік рөлі зор ағылшын тілінде білім алуда,-дейді Бақыт Асылбекқызы.

Щучинск қаласындағы №10 мектеп-лицейінің директоры Алтыншаш Исмағұлова заманауи білім талаптарының ауданда оның ішінде өзі басшылық жасап отырған білім ошағында қалай атқарылып жатқандығы жайлы көлемді баяндамасымен бөлісіп, ауданға қарасты шағын ауыл балаларының кең тынысты, икемге сай, көңілден шығатын білім ордасының жатақханасында уақыттың талабымен жақсы білім алып, түрлі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, спортта, білімде де жолы болып, жеңіспен оралып жүргендіктері жайлы ойын түйіндеді.

Жас өскелең ұрпақты патриоттық сезімге баулып, өнер жолында шыңдап жүрген «Арман» МТОТЖО орталығының әдіскер маманы Азамат Ербатыров өзі қызмет жасап жүрген орталықта өнер мен өлеңге, спортқа бейімі бар жастардың жетіліп келе жатқандығын мақтаныш сезіммен әсерлі жеткізе білді.

Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов тамыз кеңесіне қатысушыларды алда келе жатқан Конституция және Құрбан айт мейрамымен қатар сыңғырлай соғылатын құлаққа жағымды жез қоңыраулы білімнің алғашқы күнімен құттықтай отырып, өз ісінің хас шебері, майталман мамандары алты алаштың басы қосылғанда төрден орын алатын бір топ қадірлі мамандық иелерін марапаттады.

Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен: №3 орта мектебі орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Наталья Лужбина марапатталды.

Бурабай ауданы әкімінің Құрмет грамотасына: №7 мектеп-лицейі математика пәнінің мұғалімі Майра Тауышева, №10 мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі Айнагүл Ашамаева, «Бөбек» бөбекжайының әдіскері Светлана Гусеньковалар қол жеткізді.

Бурабай ауданы әкімінің Алғыс хатына: Дәулет Тазабеков — «Бурабай-2007» агрофирмасының директоры, Баянбай орта мектебінің педагог-психологы  Гүлмира Омарова, Ақылбай ауылы орта мектебінің директоры Қанат Құдабаевтар ие болса, жағымды бір жаңалық қаладағы №6 орта мектебі мен Қарашілік орта мектебіне су жаңа автобус кілті салтанатты түрде табысталды.

ІІ-дәрежелі Дипломмен «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының лауреаты аталмыш «Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясына» бұйырды.

Білім басқармасының Құрмет грамотасына: Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Күлмайра Имақанова, «Ромашка» балабақшасының психолог-маманы Полина Капитанова, Абылайхан орта мектебі орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қамаш Исина, Златополье орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Бауыржан Омаровтар лайық деп танылды.

Білім басқармасының Алғыс хатымен: Жасыл негізгі мектебінің директоры Бекежан Әміржанов, №1 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Фалеева, Атамекен ауылы орта мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Алтынай Зикирина, Зеленобор мектеп-гимназиясының орыс тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Ирина Прохорова, №4 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Татьяна Слепченко, №6 орта мектебінің кітапханашысы Анна Вишняковалар марапатталды.

Бурабай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен: №10 мектеп-интернатының директоры Алтыншаш Исмағұлова, Кіндікқарағай негізгі мектебі тарих пәнінің мұғалімі Ақсәулеш Кәрбаева, Бурабай ауданы білім бөлімінің бас маманы Айгүл Жағыпаровалар марапатталды.

Бурабай ауданының білім басшысы Жангелді Төлегенов, Білім басқармасының алғыс хаттарын табыстады. Олардың қатарында: балалар өнер мектебінің директоры Нұрхан Меркин, Зеленобор мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мейрамбек Баймаханов, Щучинск қаласы №5 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Амангелдиновалар бар.

Бурабай ауданы білім бөлімінің құрмет грамотасымен: Савинка негізгі мектебінің директоры Дулат Әбілқасымов, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясы қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Мырзагелдина, №4 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Оспанова, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы Шәкірт Сәтбаевтар марапатталып, білім бөлімінің алғыс хатына: Щучинск қаласы Жоғарғы колледжінің директоры Шоқан Оразалин, Дмитриев негізгі мектебі математика пәнінің мұғалімі Наталья Москалева, Первомай орта мектебінің директоры Жасұлан Шахметов, Щучинс қаласы №2 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Исмағамбетова, Мәдениет орта мектебі география пәнінің мұғалімі Мирлан Қазакенов, жеке кәсіпкер, мектепаралық асханалардың иесі Екатерина Вручинскаялар лайық деп танылды.

«Жаңа оқу жылына ұйымды үздік дайындағандары үшін» бастауыш мектептер арасында-Көрнекті бастауыш мектебінің меңгерушісі Қайыржан Әубәкіров, негізгі мектептер арасында- Савинка негізгі мектебінің директоры Дулат Әбілқасымов, Қаныш Сәтбаев атындағы Кенесары ауылы орта мектебінің директоры Наталья Васильева, «Бөбек» бөбекжайы директоры Шолпан Мұстафина, Қосымша білім беру-«Арман» МТОТЖО директоры Айгүл Тұрғожина, «Үздік кәсіподақ ұйымы»-«Мерей» балабақшасының меңгерушісі Гауһар Хамзина, рейтинг көрсеткіші бойынша бастауыш мектептер арасында -Жаңаталап ауылы бастауыш мектебінің меңгерушісі Ботагөз Қожаниязова, негізгі мектептер арасында — Қарабұлақ ауылы негізгі мектебінің директоры Бейсембай Исмайылов, орта мектептер арасында- Оқжетпес орта мектебінің директоры Ақторғай Тасыбаева, балабақшалар арасында-«Одуванчик» бөбекжайының директоры Эльмира Алтаевалар құрметке ие болды.

Сонымен тағы бір жаңа оқу жылы босағамызға аттап кірді, біз өз тарапымыздан білім бөлімі саласындағы барша қызметкерлерді, мұғалімдер мен тәрбиешілерді айтулы мерекелерімен құттықтаймыз. Шәкірттеріңіз еңбектеріңізді бағалап, еліміздің абыройлы азаматы болсын, шығармашылық жолда өркендеп, өсіп дами беріңіздер.

Тамыз кеңесінің соңы аудан өнерпаздарының әзірлеген сазды бағдарламасымен ұласып, ән-жырдан шашу шашылды.

                                                         Ж. Серікбайұлы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.