Ардагерлерді ардақтайық

«Ардагерлері ардақтайық» атты партия жобасының аясында «НұрОтан» партиясы Бурабай аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Айман Сәбиева, Щучинск қаласы Жоғары колледжінің студенттері мен Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл ту орденінің кавалері, құрметті металлург, 1926 жылы дүниеге келген Василий Максимович Пазыч қарт майдангердің үйіне барып, шаруашылығына көмектесті.

Жастар ардагер тұрып жатқан үйдің маңайын толығымен қардан тазалап берді. Василий Максимович соғыс жылдары майдан даласындағы ерліктері жайлы әңгімелеп берді. Әскери жазғы училищені бітіре салып, сұрапыл соғыстың бел ортасында жүріп, Жеңіске дейін қол жеткізгенін әсерлі әңгімеледі.

«Жасотандықтар» өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, құрметті ардагерді Жоғары колледжге қонақ ретінде шақырды.

Жастар әрдайым ата буын өкілдеріне қамқор болып, қолдап жүрулері керек.

Осындай бағыттағы акциялар жыл бойы жалғасын табады.

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.