Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы

«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген»

Н.Ә. Назарбаев

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамның назарын аударған, қызу талқыланған және халықтың көңілінен шыққан еңбек болып отыр. Әсіресе, қазақ зиялылары, ғалымдар мен саясаттанушылар тарапынан қолдау табуда.

Астана қаласында Алашорданың 100 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда жалпы қазақ сьезі болды. Сьезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден тұратын тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды. Автономияның орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

«Алашорданың» өкімімен құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөкейханов; Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды.

Үкіметтің осы 15 мүшесіне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітілді.

Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.

Конференцияның модераторы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Сыдықов жүргізіп отырды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіхалықова Елбасының құттықтау хатымен бастады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Қ.С.Сұлтанов «Алаш және дербестік мұратының жалғастығы» тақырыбына, «Ұлт зиялыларының игілікті істері», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің кафедра меңгерушісі, КР ҰҒА академигі М.Қ.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы: жүз жылдан соң» тақырыптарына   баяндамалар жасады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға  Кара Абдулвахаб, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, PhD (Түркия).

    Курманов Зайниддин Карпекович, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің экс–спикері, Қырғыз-Ресей Славян университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

    Муса Гасымлы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Кавказтану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әзірбайжан Республикасының Милли Меджлис депутаты, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті.

    Фархшатов Марсиль Нуруллович, РҒА Уфа ғылыми орталығының тарих, тіл және әдебиет институтының  тарих және Башкортостан мәдениет тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты

Саидов Ильхомжон Мухиддинович, Самарканд мемлекеттік университетінің тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы қатысып баяндамалар жасады.

1-секция: «1917 ЖЫЛҒЫ РЕСЕЙ РЕВОЛЮЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА» тақырыбына арналды.  

Модератор: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және Қазақстан мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Қойгелдиев жүргізді.

2-СЕКЦИЯ: «АЛАШ-ОРДА САЯСИ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛ ИДЕЯЛАРЫ: ДАМУЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСУЫ»

Модератор Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы жүргізді.

Конференция барысында Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары қатысты. «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Бурабай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінен» әдіскерлер қатысып келді. Аталмыш шарадан ой түйгеніміз, рухани жаңғыру мен Алаш идеясының үндестігі, сабақтастығынан тағылым  алу.

А.Қабиденқызы,

 «Орталықтандырылған кітапханалық жүйе» 

әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.