Елбасы — халқымның мақтанышы

1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған бұқаралық іс-шара жалғасын тапты.

Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараны қалт жібермейтін қырағы көрермен де әжептәуір жиналды.

«Арман» МТОТЖО-ның ұйымдастыруымен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді оқушыларды жасұландықтар қатарына қабылдады. Бұл күні көптеген оқушылар өздерін елнің патриоты сезініп, атаулы күнде жасұландықтар қатарына өткендіктеріне ерекше қуанды. Олардың мойындарына көгілдір галстук тағып, аға ұрпақтың атынан арнайы шақырылған қонақтар ақ тілектерімен бөлісті. Педагогика саласының ардагері, ауданның құрметті азаматы Бағила Қасенова, Щучинск қаласының әкімі Бегахмет Махметов, аудандық оқу бөлімінің маманы Татьяна Федорова, «ЖасОтан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Айман Сәбиева, «Арман» МТОТЖ орталығының мұғалімі Николай Слабуновтар оқушыларды тарихи күнмен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Жасұландықтар бірауыздан ант қабылдап, өздері кірген ұйымға кір келтірмей, оқуларын жақсы оқып, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қазақ елінің білімді жастары атынан сенімдік танытты.

Мереке қонақтарына Щучинск қаласы балалар өнер мектебі және аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының әсем сазды бағдарламасы ұсынылды. Аудан тұрғындары мен қала қонақтарын Щучинск қаласының әкімі Бегахмет Махметов құттықтады.

Мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үйі «Елі сүйген, елін сүйген — Елбасы» тақырыбында конкурс жариялап, сол байқауда озып шыққан шығармашыл тұлғаларды анықтаған болатын. Салтанатты жиында жүлдегер атанған бір топ ақындарды құттықтап, диплом және естелік сыйлықтар табыстады. Поэзияны пір тұтып, өлең жазып, көпшілікті сүйсінтіп жүрген ақындар өздерінің тұңғыш Президентке арнаған өлеңдерін оқып, мерекені түрлендіре түсті.

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.