Балалар үйіндегі сәбилер шаттыққа бөленді

Щучинск қаласы балалар үйі әкімшілігінің ұйымдастыруымен  жаңа жылдық шыршаға бүлдіршін сәбилер мен мекеме қызметкерлері, арнайы келген қонақтар көп жиналды.

Аталмыш мекемеге Көкшетау қаласынан кәсіпкер азаматтар және жеке меншік БАҚ-ның өкілдері, жергілікті аудан басшылығы сыйлықтарымен барып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Щучинск қаласының әкімі Бекахмет Махметов қандай мейрам болмасын келешектің кепілі өміріміздің жалғасы саналатын бүлдіршіндерді ұмытпай жадымызда сақтап жүреміз деп өзінің шынайы сезімімен бөлісіп, аудан әкімінің атынан қаладағы кез-келген дәріханалардан дәрілерді тегін алатын сертификат табыстады.

Көкшетау қаласының қалталы азаматтары, мемлекеттік мекеме басшылары өздерінің әкелген жаңа жылдық сыйлықтарын балалар үйінің әкімшілігіне тарту етіп, жетімдерге ақжүректі пейілдерін айтып, әр кезде қолдан келген көмектерін жасап, қол ұшын созатындарын жеткізді. Алда келе жатқан жаңа жыл мерекесіне арнап ақ жарма тілектерін білдіріп, бүлдіршіндердің әзірлеген концертін тамашалап естелік суретке түсті.

 

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *