«Балдәурен» — балалардың сүйікті мекені

Жаңа жыл мейрамын балалар ерекше асыға күтеді. Жыл аяғы арқаны кеңге салып, аз да болса тынығып асыр салатын ойынға уақыт бөлінетін демалысы мол, алаңсыз қарбалас кезең. Оның үстіне қақаған қыста буы бұрқырап ойнап жүрген балалар қандай бақытты. Әрі  жаңа жылдық тәттілер, сыйлықтар қысқасы бүгінгі заманның баласы осының бәрінің куәсі болып рақаттанып, демалыстарын мәнді өткізіп жүр.

Иә, жылдағы жаңа жылда болатын аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы әдеттегідей республикалық «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығында өтті.

Бұл салтанатты шараға ауданға қарасты барлық мектеп әкімшіліг басшыларының қатысуымен 100-дей балдырған бөбектер қатысты. Бұл оқушылар оқуда озат, қоғамда белсенді ойлары жүйрік, аудан, облыс, республикалық мыңды жыққан білім сайыстарында оқ бойы қатарластарын озған білімді балалар. «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығының ұжымы дайындаған түрлі мультфильмдік кейіпкерлер бүлдіршіндерді қуаныш әсеріне бөлеп, ән шырқатып, түрлі ойындар ойнатқызып, ертегі әлеміне саяхат жасағандай әсер сыйлады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың телеэкраннан құттықтауы тыңдалып, аудан әкімі Қанат Қарауыловқа сөз кезегі берілді. Аудан басшысы барлық бүлдіршіндерді алдымызда келе жатқан жеті қазынаның бірі ит жылымен құттықтап, кетіп бара жатқан ескі жылдағы еліміздің табыстары жайлы тізбектеп баяндады.

Жалпы аудан әкімінің шыршасы көпшіліктің көңілінен шығып, аяз ата ақшақар белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар табыстап асқақ ән, көңілді күймен түйінделді.

Аудан әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова, аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Төлегеновтар да жаңа жыл шыршасының мәртебелі қонақтарының қатарында болды.

                                                                                       «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *