Жаңа жыл елімізге берекелі жыл болсын!

Тарих қойнауына еніп бара жатқан жылдың 23 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде Бурабай ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәстүрлі  Жаңа Жылдық ертеңгілік өтті.

Аталмыш іс-шараға 60 бала ата-аналарымен бірге шақырту алды.

Мерекелік іс-шара Жаңа Жылды қарсы алуға дайындалған сахналық қойылымнан бастау алды. Балаларға ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көрсетілген театрландырылған көрініс ерекше ұнады. Одан кейін балалар Жаңа Жылдың шырша қойылған би залына өтіп шырша маңында айналым жасады, сүйікті әндерін айтып түрлі конкурстарға белсене қатысты.

Ауданымыздың әкімі Қанат Қарауылов келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап көтеріңкі көңіл, мықты денсаулық тіледі және әр балаға Жаңа Жылдық тәттілер жиынтығын тарту етті.

Шыршаға қатысушылар Аяз Ата мен Ақшақарға өздері дайындап келген тақпақтарын жатқа оқып өнерлерін көрсетті. Балалар бұл кездесуден жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл күй, шынайы ниетпен марқайып қуанышпен тарқасты. Сондай-ақ аудан әкімі сырқаты сыр беріп шыршаға қатыса алмаған бес мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге үйлеріне барып құттықтап естелік сыйлықтар жасап, демеушілік қосымша көмек көрсетті.

Жаңа жылдық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау көрсетіп қайырымдылық жасаған кәсіпкерлер: ЖК «Осипова» — Т.А.Осипова, «Бер-Тал» ЖШС — Т.Т.Жалмағанбетов, «Хоттей» ЖШС — Б.Д.Абдрахманов, «Пекин» сауда үйі — Ю.А.Темірханов, «Ақжелкен» сауда үйі — Б.Д.Сәкенов, «Азгард Моторс» серіктестігіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шексіз алғыстарын жолдайды. «Азгард Моторс» ЖШС — М.Б.Яндиев, «Хоттей» ЖШС — Б.Д.Абдрахманов, 30 мүмкіндігі шектеулі балаларға өздері барып, Жаңа Жылмен құттықтап, сыйлықтар таратты.

Іс-шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізген аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.