Бірлігі басым елдің берекесі артады

Қаңтар айының төртінші жұлдызы күні Бурабай ауданына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жұмыс сапарымен келіп, Щучинск қаласындағы іргелі оқу орындарының ішін аралап, оқытушылармен, студенттермен кездесу өткізіп, қойған сауалдарына тұщымды жауаптар берді.

Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжде әр ұлттың өкілдері бас қосқан дөңгелек үстел басында ашық-жарқын әңгімелесіп, бүгінгі заң шығарушы органның атқарып отырған жұмыстары жайында әсерлі әңгімелеп, мазмұнды ойларын  ортаға салды. Ұлт пен ұлыстардың бастары бірігіп, тірлігі жарасым тапқан ортақ отаны бар елдің болашағы жайлы кеңінен айтылып, әңгімеге Елбасының тың идеяларынан туындаған һәм «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» секілді мемлекеттік бағдарламалардың өңірде қалай атқарылып жатқандығы да басты тақырыптың тұздығына айналып, халық қалаулысы өзінің ойын жиналысқа қатысушылармен бөлісіп, талқыға салды. Жалпы қазіргі таңда өркениеті дамып, экономикасы өрлеп тұрған елдің ертеңгі мұраты мәңгілік ел болу. Ол үшін ұлт тұтастығы басты тақырып болып баршамыз бірігіп жұмыс атқаруымыз керек. Мынаның тілі, діні, сөзі, соқпағы бөлек деп жармай, татулықты тірек етіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікті бекем ұстап отырғанымыз ләзім,-деді Владимир Божко.

Аталмыш жиынға аудандағы әр салада басшылық жасайтын, ел үшін атқарып жүрген еңбектерінің ерекше рөлі бар азаматтар қатысып, Парламент депутатына мазалап жүрген сауалдарын жолдап, әлеуеті артып келе жатқан әлеуметтік сала жүйесіндегі жағдайдың жақсы екендігін жеткізіп, пікір алмасты, бірлесе отырып ой түйді.

Жеңіс Оспанов

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *