Елбасы Жолдауы: жаңару мен жаңғыру

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауында елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында он міндетті қойып отыр. Атап айтар болсақ, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» — агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал — жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін міндеттері берілген.    

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын көпшілік оқырмандарға жеткізу мақсатында  барлық филиалдар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  дөңгелек үстелдер, «Президент Жолдауы — ел назарында», ақпарат сағаттар өткізуде. Аудандық кітапханада  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, Мәдениет үйі қызметкерлері және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  кітапханашылары «Елбасы Жолдауы: жаңару мен жаңғыру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Е.Қайырымденова, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскерлері А.Қ.Әбдіғожина, Г.У.Шамиғанова тақырып бойынша ақпараттар берді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері Елбасының Жолдауда көрсеткен 10 міндет бойынша пікір алысып өз ойларын ортаға салды. Елімізде тыныштық пен тұрақтылық болып, Қазақстаннның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына әр азамат өз үлестерін қосуы қажет.

Бурабай ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі көпшілік оқырмандарға «Елбасы Жолдауы: жаңару мен жаңғыру» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, «Президент Жолдауы — ел назарында», «Дамудың жаңа бағыты», «Послание Президента — гарантия будущего» атты кітап көрмелерін, ақпараттық сағаттар, экспресс-ақпараттар өткізуде.

А. Қабиденқызы,

әдістемелік-библиографиялық бөлімі жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *