Тұнғыш Президент және ҚР Тәуелсіздік күні мерекелеріне арналған, «Арман» орталығының кубоктық турнирлары өз мәресіне жетті

«Арман» МТОТЖО ауданымыздың жасөспірімдер спортына өз үлесін қосу үшін, жыл сайын аудандық турнир ұйымдастырады. Турнирдің басты мақсаты жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеу және спорттық шеберліктерін шыңдау.

  1. Ұлттық ойындар: қазақ күресінен «Арман» орталығы «Динамо» спорт клубы мен бірлесе өтті. Қала мектептері арасында 1-6 сынып оқитын оқушылар арасында жарыс болды. 100- жас балуан жекелей сында күресті.
  2. Бес асықтан 1- рет «Арман» МТОТЖО кубогына турнир өтті. Турнирға жекелей сында 20- қыз бала қатысты.
  3. Тоғыз құмалақтан «Бурабай даму» ЖШС бірігіп аудандық турнир өткізілді. Командалық және жекелей есепте 50- тоғызқұмалақшы бақтарын сынады.
  4. Шахматтан аудандық турнир командалық есепте 50- шахматшы өз мектептерінің намысын қорғады.
  5. Бокстан 46- бала жекелей біріншілікте бақ сынады.
  6. Еркін күрестен 80- бала жекелей сында өнер көрсетті.
  7. Пионерболдан 1- рет 5-6 сынып оқитын қыздар арасында командалық есептен жарыс өтті. Турнирға 7 -команда, 70 -қыз балалар қатысты.
  8. Волейболдан ұлдар және қыздар арасында Қарашілік орта мектебінде, Ұрымқай мектептерінде «Арман» орталығының кубогына турнир ұйымдастырылды. Қатысушылардың жалпы саны 12-команда, 120- волейболшы.
  9. Баскетболдан ұлдар және қыздар арасында №7 мектеп-лицейде, Атамекен орта мектебінде «Арман» орталығынды кубоктық турнир болды. Қатысушылар саны 8-команда, 64 баскетболшы.

Жалпы «Арман» МТОТЖО турнирына 600-ден астам оқушылар қатысты. Жеңімпаз бен жүлдегерлер мақтау қағаздары, медальдармен марапатталды. Командалық жарыстар қосымша кубоктар табысталды.

Біздің «Арман» орталығына турнирлардың өтуіне қолдау көрсеткен «Динамо» спорт клубы және «Бурабай даму» ЖШС басшылығына  бірігіп спорттық іс-шараларды қосқаны үшін ризашылық білдіреміз. Бурабай ауданы мектептерінің директорлары: Жомарт Қайрмденов, Жангелді Зикирин, Батима Жапарова, Любовь Тюкачева, Махаббат Уалиеваларға жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін шексіз алғысымызды  жеткізіп, өскелең ұрпақ, жас жеткіншектердің келешегі, келбеті, болашақтары жарқын болсын дейміз.

Дәулет Нұрболатұлы,

«Арман» МТОТЖО спорт бөлімінің жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *