Қарттарым, аман-саумысың

ҚР Президенті «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев Жеңіс күнін атап өту мерекесінде сөйлеген бір сөзінде «сіздердің замандарыңыз соғыстың тауқыметін тартып, көптеген қиыншылықты бастан кешірді, сондықтан қоғамның мақтанышы өздеріңіз екенін ұмытпаңыздар»,- деген болатын. Бүгінгі біздің перзенттік парыз — ата ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасап, оларды құрметтеу. Жеңіске ерлікпен жеткен әрбір майдангерді ардақ тұтуымыз керек.

«Ардагерлерді ардақтайық» — «С заботой о старшем поколении» партиялық жоба аясында «Мерей» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Гаухар Хамзина, еңбек ардагері, «Арман» МТОТЖО өлкетану музейінің директоры, Бурабай ауданының құрметті азаматы Бағила Қасенова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Қайныш Өміртаева, Ұлы Отан соғысының ардагерлері В.И.Вдовыченко, Ш.Ф.Давлетшин, В.М.Пазыч, Л.Д.Кутепов, М.А.Ураевтардың Щучинск қласындағы мекен-жайларына барып, тұрмыстық жағдайларымен танысып, ардагерлермен жүздесті.

Кездесу барысында ардагерлер аудан әкімдігінің басшыларына үнемі бақылауда ұстап, ерекше көңіл бөлетіндігіне «Жас Отан» жастар қанатының тұрғын үй маңын абаттандырып, қоқыстан тазалауға көмектесіп жүретіндіктеріне ризашылық танытты. Ардагерлер медицина қызметкерлері үйлерінде жиі болып, әлеуметтік қызметкерлер барынша мейірімді, түсіністік және құрметпен қарауларын қалайтындарын айтып, пікірлерімен бөлісті. Ардагерлердің қалаған тілектері қажетті қызмет түрлерінің бақылауына алынады.

Қоғамның барлық саласында модернизациялау шарты бойынша басты принцип жоғары әлеуметтік жауапкершілік және күнкөріс деңгейі төмендеу отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету.

Қ. Өміртаева,

«Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *