Өткен жылға мың алғыс, әкелген мол жақсылық

Жыл аяқталып, Жаңа жылды қарсы алар шақта қай мекеме, кәсіпорын, мемлекеттік ұйымдар болмасын жылды қорытындылап, келер жылға үміт артады.

Балдырған бөбектер жылдағы келетін жаңа жылдық іс-шараға дәлірек айтсақ дөңгелете билеп, карнавалдық костюмдер киетін ертеңгіліктерге дайындалып, мәз мейрам болады. Тіптен олардың ата-әже, ата-аналары да жаңа жылдың қарекетіне қамданып, бүлдіршіндерге сыйлық жасап, ән және билер үйретіп, көңілді мерекеге бейімдейді. Бала — адамның бауыр еті ғой, кім баласын жамандыққа тәрбиелейді, ойын-сауықтан тыс қалғанын қалайды, әрине ешкім де «жетім көрсең жебей жүр» дейді халқымыз, немесе Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Дінмұхамед Қонаевтың мына бір сөзі еріксіз ойыма орала береді. Жақсының жақсылығын көре білу бар да, оны айта жүру, үлгі ете білу бар,-дейді. Біздің мына қоғам арасында өз жұмыстарынан бөлек қоғамдық жұмыстарға барынша көңіл бөліп, күнкөрістері төмен немесе көп балалы отбасынан шыққан балаларға мейірімділік пен жылулық танытып, солардың қамын ойлап, толыққанды мүмкіндігі мол отбасыларынан кемдік көрмей, жақсылап дем алып, көңілдерін көтерсін деп ойлап жүретін мәрт жүректі жандар жиі кездеседі. Солардың бірі емес бірегейі Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығының Бурабай аудандық филиалы қала орталығында орналасқан зәулім ғимарат балдырған бал бөбектердің арманы «Мерей» бала бақшасында жоғарыда атап өткен дәрежедегі бүлдіршіндерге қайырымдылық ертеңгіліктерін ұйымдастырды.

Бала бақша әкімшілігі аудандық мәслихаттың депутаты, қоғам белсендісі, қадірлі жерлесіміз Гауһар Хамзина шығармашыл ұжымымен бірге арнайы  бағдарлама әзірлеп, Аяз ата, Ақшақар, орман ертегілерінің кейіпкерлерін кештің қонағы қылып, тамашалауға келген ата-аналар мен шақырылған қонақтарға кішкентай бөбектерге ұмытылмас кеш сыйлады. Астыңғы қабатта балаларға арнайы дастархан мәзірі жайылып, тәтті тағамдар қойылып, естелік ретінде сый-сияпаттар табыс етілді.

Шал ақын: «босағасын алтыннан соқсаңдағы, перзентсіз адамның мейірі қанбас» деген екен, ендеше көзіміздің ағы мен қарасы өмірдің жалғасы кемел келешегіміз жеткіншек ұрпағымыз қиындық көрмей, жаны жайсаң пейілі таза, салиқалы, сабырлы, ізетті жандардың қошеметіне бөленіп, ел мерейін асқақтатар айбынды ұлттық салт-дәстүр құндылықтарымызды дәріптей алатын отансүйгіш еліміздің рухани бай патриоттары болсын. Гауһар Орынғалиқызы басшылық жасайтын іскер әйелдер қауымдастығының аудандық филиалы ағайынның алғысына бөленіп, Жаңа жылда табыстары мол, отбастары аман, көңілдері жарқын болып, жауапкершілігі мол қызметте шыңның биік асуынан көрініп, арайлы атқан таңдары мен шұғылалы кештері шаттық сыйлап, еңбектерінің мәуелі жемісін көрсін. Жеті қазынаның бірі ит жылында армандар орындалып, халық алдындағы өтеп жүрген еңбектеріңіз бағаланып қана қоймай, өскелең ұрпақ арасында насихаттала берсін.

Жаңа жыл болсын елге берекелі,

Гүлдей бер байтақ далам — туған өңір.

Әрқашан жылдар болып мерекелі,

Жасасын бар әлемде бейбіт өмір!

Болат Сабырұлы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *