«Абай — дана, Абай — дара» атты ауызша журнал

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне № 5 орта мектептің 9 «а» — сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ботагөз Болатқызымен бірге қонаққа барған едік. Биылғы 2020 жыл қазақтың  ұлы,  дана,  ойшыл композиторы — Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, осы аталған мекемеде, «Абай — дана, Абай — дара» атты ауызша журнал өткіздік. Оқушылар Абайдың өмірбаянын әңгімелеп, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Мен және менің шәкірттерім вокалдық топпен «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындадық. Сонымен қатар біз қызметтер көрсету орталығындағы адамдарға өздеріміз дайындаған тәттілерді ұсындық. Кеш өте көңілді өтті. Барша көрермендер өз ризашылықтарын, алғыстарын  білдірді.

Б. Даукенова,

№ 5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.