Алғыс білдіреміз

Ағымдағы жылғы 11 желтоқсанда «Мерей» балабақшасының «Ботақан» тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді.

Кішкентай ғана балаларымызға осы бастан тарихымыз бен болашағымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып, Отанымызды сүю және еліміздің егемендігін сақтау сияқты қасиеттерді тәрбиелеп жатқан апайымыз Нұргүл Ермекбайқызын ерекше атап өткіміз келеді.

Құрметті Нұргүл Ермекбайқызы! Сізге, кәсіби біліктілігіңіз, кішіпейіл қарым-қатынасыңыз және біздің бүлдіршіндерімізге жетекші болып, қамқорлық  көрсетіп жатқаныңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сізге төзімділігіңіз, мейірімділігіңіз және әрбір баланың тілін таба білгеніңіз, сондай-ақ топта жылы және жайлы атмосфера құрғаныңыз үшін мың да бір рахмет. Сіздің саналы басшылығыңыздың арқасында балаларымыз достықтың, өздігінен жұмыс істеудің қуанышын сезініп, ой өрістерін кеңейтіп келеді. Сізге зор денсаулық, мол бақыт және кәсіби жетістіктер тілейміз!

Барша жерлестерімізді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Еліміздің туы асқақтап, келешегіміз баянды болсын!

 

Құрметпен, ата-аналар

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.