АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫНАН САҚТАНУ ЖАДНАМАСЫ

Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргізілген іс-шаралар көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкіндік береді.

Қауіп қатерлі кезеңде жіберілетін гидрометеоқызметінің хабарларын  және ТЖ тиісті органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сіздің тұрған үйіңіздің су басатын жер шекараларын күру мүмкіндігі болса, сізге келесі ережелерің істеу қажет:

—   көшелерді, аулаларды, ғимараттардың төбелерін, өтулерді, кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту;

—   шұғыл көшетін болған жағдайға, үш тәулікке жететін тамақ және су  қорын, тиісті құнды заттарды, жылы киім, дәрі-дәрмектерді дайындап қойыңыз;

—   ұдайы дайындықта ақша, құжат, құнды қағаздарды ұстаңыз;

—   үйлеріңізді, пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктер мен әйнектерді бекіту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу

—   Көшу жеріңізді және қауіпсіз орын алдын ала анықтап алыңыз, жай ғана жүзу құралдарын дайындаңыз

—   үй жануарларын, мүлкіңізді төменде аталған пунктіне алдын ала көшірініз

Судың аяқ астынан дүркін ағуы болған жағдайда және  су деңгейі көтеріле бастаса:

—   үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасаңыз;

—   сабыр сақтаныз,

—   есіктер мен әйнектерді жабыңыздар, электр, газды және пештегі отты сөндіріп кетіңіз.

—   үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етубойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есіктерін, қақпаларды ашып, малдыбосжіберіңіз;

—   су өткізбейтін киім киіңіз, өзіңізбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, ішетін су қорын, тамақ, дәрігерлік қобдишасын, ең қажетті заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз;

—   Су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыныз, егер шыға алмасаңыз, қайық және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрсемен кауіпсіз жерге жетіңіз, немесе төбеге, шатырға шығыныз.

—   суға батқан азық-түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз;

Ата-аналар және оқытушылар: балаларды суаттарға жібермеңіз,  әсіресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалаудаболуы қауіпті екенін алдын ала ескертіңіз.

Тұрып жатқан үйіңізге судың келгені туралы дерегін, Бурабай ауданының ТЖБ және  Бурабай аудандық су тасқынға қарсы штабқа хабарлаңызтел: 2-34-15, 2-29-57.

Әр жағдайда өзіңді сенімді ұстап, үрейге берілмеңіз,  тез және нық әрекет жасап, бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз!

Бурабай аудандық су тасқынға қарсы штабы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.