Ауған жеріндегі қасірет ұмытылмайды

Өткен аптада Щучинск қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің алдында қанды қасіреттің басы-қасында болып, от пен оқтың ортасынан келген ардагер азаматтар жиналып, өткен кезеңді, қанды қасіретті еске алып, сол жақта қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова сөз алып, 1979-1989 жылы он жылға созылған қанды қасаптың тұсындағы Отан алдында борышын өтеген жастардың табандылықтарын және сол кездегі рухты азаматтардың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін айтып, мазмұнды баяндамасымен бөлісті.

Жиын барысында ауған соғысы ардагерлеріне арналып әннен шашу шашылып, шейіт кеткен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, естелік суретке түсті.

                                                                        «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.