Жаңа басылымдар!

Орталық аудандық кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптарды оқырмандар назарына ұсынамыз.

Әбсадықов А. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ және тарихи аңыздар. Алматы. «Айғаным» баспа үйі, 2017. 340 бет.

Бұл кітапта XV-XIX ғасырлар белгісі- қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасып, тәуелсіз Қазақ хандығы мемлекетін құрған дәуірі суреттелген. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің, батырлардың ерен еңбектерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған. Аңыздар дерегіне деген жұрттың қызығушылығы, рухани құндылықтарды пайымдау маңызды мәселеге айналып келе жатқан бүгінгі заманымызда да арта түспесе, кемімек емес.

 

Ижанов З. Жаралы жылдар. Алматы «Өлке» баспасы. 2016 ж. 357 бет

Орталық мемлекеттің мұрағаты құжаттарына негізделіп жазылған мақалалар, араб әрпінен аударылған естеліктер, құжаттардың көшірмелері берілген.

Бұл кітапқа ХХ ғасырдың басындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928 жылғы кәмпеске мен жазықсыз қуғынға ұшыраған жастар, 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялылары, 1941-1945 жылдардағы соғыс туралы қайғылы оқиғалар сипатталған.

Кітап тарихшылар, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Нұржеке-ұлы Б. ҚАЗАҚ тарихынан. Алматы, «Жалын» баспасы. 2019 ж. 669 бет.

Бұл жинақта жазушының әр жылдарда қазақ халқының әр қилы тарихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеулері жинақталды. Ол шығармаларда қазақ халқының рулық, тайпалық кезендері кезеңінен тартып, бүгінгі тәуелсіздік алған күндерімізді де қамтиды.

Шетелдік кейбір тарихшылардың айтып, жазып берген түйінділерін құптамай, сақ, құн, үйсін, қаңлы, түрік, алтынорда мемлекеттерін түгелдей бүгінгі қазақ халқының арғы аталары, бабалары деген қорытындыға келді. Ол пікіріне дәлел етіп, қытай Геродот тарихын және қазақтың өз Ата-шежіресін салыстыра отырып, тұжырымдайды.

Кітап өз халқының тарихын білгісі келетін барша қауымға арналады.

 

Жұмаділов Қ. СОҢҒЫ КӨШ-І, ІІ том. Алматы, «Мерей» баспасы 2018 ж.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов-шетелдегі қазақ тақырыбын тұңғыш көтерген әйгілі қаламгер. Қытайдағы қазақ өмірінен жазылған қос томды «Соңғы көш» романы жазушыны жұртшылыққа бірден танымал етіп, абыройға бөлегені белгілі. Біз бұл жолы қалың оқырманның сұрауы бойынша, романды қайта басып отырмыз»- делінген баспа дерегінде. Олай болса қандастарымыз жайлы жазылған тарихи деректі бірге оқиық.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *