Коммунистер партиясының бағыты

Ағымдағы жылы аудандық кітапхананың оқырмандар залында коммунистер партиясы Ақмола облысы филиалының жетекшісі Бейсембай Мажитов жұмыс жоспарымен ауданымызға келіп, жергілікті тұрғындармен кездесіп, қазіргі таңдағы атқарып жатқан Қазақстан Коммунистік партиясының тыныс-тіршілігі жайлы баяндап өтті. Жалпы  елімізде жүріп жатқан бүгінгі саясаттың  оңтайлы екендігін Елбасы салып берген салиқалы жол арқылы өркендеп келе жатқандығымыз жайлы өзінің ойымен бөлісіп, Бурабай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Анар Күзембаеваға ҚКХП-ның 15 жылдық мерейтойына байланысты мерекелік медаль табыстап, бірқатар жандарды партия қатарына қабылдады. Сондай-ақ, Владимир Косаревтың «Тарбағатай» деген кітабын аудандық кітапханаға естелік ретінде табыстады.

                                                     «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *