«Кітап және оқырман» жобасы аясында

Аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастырумен қолға алынған «Кітап және оқырман» жобасы аясында жерлес ақын, бар ғұмырын ауылшаруашылық саласына арнаған лирик ақын Нұрмияш Көбеновті еске алу мақсатында және жергілікті ақындарды жас өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау үшін ашылған жоба аясында иігілікті іс-шара өтті.

Аталмыш шараға ақынның ұлдары мен қыздары, немерелері қатысып, көзі тірісінде артына өлмес мұра қалдырып кеткен дала бозторғайының туындылары жатқа айтылып, көпшіліктің назарына ұсынылды. «Бурабай ауданының Құрметті азаматы», ұзақ жылдар ауылшаруашылығына еңбек сіңіріп, бүгінде қоғамдық жұмысқа белсендісі Малгелді Жұмағұлов ағамыз алты қырдың ар жағында қалған жастық шақтарында Нұрмияш Көбенұлымен қызмет атқарған қызықты жылдарды еске алып, естелігімен бөлісті.

Сонымен қатар ақынның жерлесі Жеңіс Оспанов өзінің пайымды пікірін ортаға салып, ақын ағасының бір өлеңін оқып, естелігін айтты.

Жиын барысында ақынның қызы Салтанат Нұрмияшқызы бала кездеріндегі әкесінің күндіз дала қосында жүріп, түнде көз шырымын алмай шығармашылықпен айналысатындығын естелік ретінде көпшілікпен бөлісіп, аудандық кітапхананың ұжымына деген тілек-лебізін білдіріп, осындай игілікті шараның ашылғандығына қуанышты екендігін жеткізді.

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Нәзира Рамазанова жерлікті ақындардың шыққан әрбір кітабын электронды форматқа түсіріп, заманауи талапқа сай жабдықтау мақсатында осындай жобаның ашылып отырғандығын айтып, «Автор және оқырман» деп жобаның аты  айтып тұрғандай қазір ортамызда ақын ағамыз жоқ, дегенмен де артында ұрпақтары бар. Ақынның ұлы Кемел Көбеновпен екі жақты келісімге отырып, электрондық жоба әзірлейміз деді.

Жиын соңында жиналған қауым естелік суретке түсті.

                                                    «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *