«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» өзін-өзі тану пәні онкүндігінің ашылуы

Ақпанның 3-і күні Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» өзін-өзі тану пәні онкүндігінің ашылуы өтті.

Онкүндіктің ашылуы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы бейнеролик көрсетуден басталды. Мұғалімдер мен оқушылар мерекені бір-бірімен  мейірімділікпен амандасудан бастады.

Мерекеге өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері: Шолпан Жалмұқанова, Айгүл Абдрахманова, Гүлназ Абишева, Маржан Есимова, Рабиға Имақанова, Галина Косова, Елена Липовая, Малика Жаманбалинова ұйымдастырған «Махаббат пен мейірімділік» атты көрінісінен басталды. Сахнада мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік, күннің көзі, бақыт, қайырымдылық қосылып, зұлымдықты жеңді. Мұғалімдер балаларға көрініс барысында мейірімді болуға, бір-бірін сыйлап, қамқор болуға шақырды. Осындай керемет көріністің нәтижесінде, оқушылар бір-біріне деген сыйластығы, достығы артатыны анық.

Көріністің соңында ән айтылды, балаларға жақсы тілектер білдіріп, шашу шашылды. Осындай іс-шаралардың оқушылар тәрбиесіне тигізетін әсері мол. Балалар өте  керемет іс-шараның куәсі болды.

Гүлназ Абишева,

Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин

 атындағы орта мектебінің

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.