Менің отбасым

Отанымыз көркейіп, тәуелсіздігімізді алған күнде, туған елімізді болашаққа сеніп тапсыруда, өскелең ұрпақтың намысшыл, патриотты болып өсуі, біздің қолымызда екенін түсінеміз.

«Отан отбасынан басталады» дегендей Отанымызға берік, батыл болатын баланың алатын тәрбиесі сіз бен біз құраған отбасы екенін ұмытпайық.

Отбасың толыққанды болса, одан алатын тәлім-тәрбие жан-жақты болады, сый мен құрметті, еңбекқорлық пен адалдықты, уәде, қол ұшын созу сияқты қазақтың керемет қасиеттерін біліп өсесің.

Отбасымыздың толық болмауы, баланың санасына, тәлім-тәрбиесіне саналы түрде әсер ететінін білеміз.

Отбасы апталығына орай, «Менің отбасым» тақырыбында Абылайхан атындағы орта мектептің 3-сынып оқушыларымен және аталған мектеп психологы Л.А. Қасымованың қатысуымен сурет сайысы өткізілді.

Мақсатымыз бір еді, әр отбасындағы жеке бір тұлғаның орнын білу, бірлік пен татулық, сенім мен қамқорлық т.с.с. қасиеттерді дәріптеу.

Н. Қайдарова, Қызылағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.