МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «PROMENADE BURABAY» ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІНДЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың  Бурабай ауданындағы кезекті сапары  «Promenade Burabay» қонақүй кешенінде жалғасты. Өткен жылдың соңына  таман ғана «BI Group» құрылыс компаниясымен пайдалануға берілген қонақ үйлер кешенінде  бірнеше аппартаменттер мен қонақ үй жайлары демалушыларға тәулік бойына қызмет көрсетуде.

Бурабай өңірінде туристік сервистік қызметті дамыту, туризм кластерін оңтайландыру күн тәртібінде  тұрған өзекті мәселелердің  бірі. Аталған сала еліміз үшін  аса маңызды рөлге ие екенін атап өткен Мәжіліс депутаты, кездесу барысында заман талабына сай салынған  кешеннің бүгінгі тыныс-тіршілігіне назар аударды. Алып қонақ үй кешенінде аппартаменттер, кеңсе жайлары мен таунхаустар орналасқан.

Бурабайдағы заманға сай жабдықталған кешенді аралап көрген Мәжіліс депутаты өңірдегі туризм саласын дамытуға баса назар аударылып отырғанын айта келе, қонақ үй кешенінің жұмысына жоғары баға, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *