Отанды қорғау басты міндетіміз

Ағымдағы жылы аудандық Мәдениет үйінде ауданымызға қарасты барлық орта мектептер және колледждер студенттерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиында көтерілген тақырып — жастардың әскери салаға деген құлшыныстарын ояту.

Алматы қаласындағы байланыс және радиотехникалық әскери оқу орнының өкілдері қатысып, жастарды оқуға шақырды. Қазіргі таңда әскери салаға аса көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан  әскерилерді үй-жаймен қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан да Отан қорғаушылар сапынан табыламын дегендерге молынан мүмкіндік бар дейді Алматы қаласынан арнайы келген өкілдер.

Жиында жастар өздерінің сауалдарын жолдап, болашақта әскери  маман болу үшін қандай қажеттілік керек екендігін сұрады.

Алдымен офицер болу үшін білім мен біліктілік, денсаулық, спортпен шұғылданған шымырлық қажет. Сонымен қатар ешқандай әкімшілік айып бұзбағандығы еліміздің заңнамаларын білгендігі керек деп түсіндірді.

Бурабай аудандық әскери коммисариаттың өкілі, полковник Мейрамбек Исманов сөз алып, қазіргі жастардың Отан қорғауға деген құлшыныстарының аз екендігін, тіпті әскерден бой тасалап жүретіндіктерін айтып өз ойымен бөлісті. Отанды біз қорғамасақ, қолдамасақ, тыныштығы үшін жауап бермесек, жауапты болмасақ, ертеңгі күніміз не болмақ? Елдің шекарасын нық ұстап, беріктікті сақтау, әрбір кәмелет жасына толған азаматтың міндеті деді.

Жиын барысында барлық сауалдарға тұщымды жауаптар табылды.

                                                        «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.