Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзінді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған,-

деп ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу Насыр әл-Фараби тағылымынан көп тәрбие алуға болады. Адам баласының басына тіршілікте сан алуан қиындықтар болады, соны аса төзіммен, шыдамдылықпен қабылдай білуге үндейді. Әр адамның тағдыры ір түрлі сол нәсіп еткен тағдырыңа ризашылық білдіру керектігін осы өлең жолдарынан ұғындым.

Сонымен қатар адамдар бақытты болуы үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала — ізгі қала болу керектігін түсіндірді.  Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғамда ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмытылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді»,-дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын, болашағы жарқын болатын еді.

«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»-делінген. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге — қазақтарға керек. Осы айтылған ойдың мән-мағынасын түсінсек, ұлы ғұламаның бай мұрасындағы ғибратты сөздермен ұштасып жатқандай.

Қазақ ойшылдық тарихындағы дара тұлғаның филасофия, таным теориясы, музыка, логика, жан, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары-ұрпақтан ұрпаққа  мұра болары сөзсіз.

 

Хабиба Жусупова,

№9 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.