Ұрымқай ауылында серпіліс бар

Округ әкімі Жамбыл Оспановтың 2019 жылы атқарған жұмысы және 2020 жылға арналған жұмыс жоспары жайлы халыққа есеп беру кездесуі Ұрымқай ауылының Мәдениет үйінде өтті.

Есеп беру кездесуіне аудан басшысы Әсет Мұздыбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Өтелбай Бейсенов, аудан әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім басшылары, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Округ бойынша жағдай қалыпты, жанданыс бар, тыныс-тіршілігі ауқымды. Жамбыл Қажыбайұлының есебінен кейін тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе Кіндікқарағай ауылының жолы ашылмай жатқандығы және жергілікті медицина саласының мамандары көшеде қаңғыған иттердің көптігін айтып, сауал жолдады. Көшеде қаңғырып жүрген ит пен мысықтың көзін жою үшін қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып жатқандығын айтып жеткізді.

Сондай-ақ аудан басшысы Әсет Азаматұлы жергілікті ауылды егінін егіп, өнімін алып бұқара жұртшылықтың жағдайын жасап, қыс болса көше қарын тазалап, ел игілігі үшін жұмыс атқарып отырған фирма басшыларына алғысын айтып, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрінің жанындағы кәсіподақ ұйымының ұйғарымы мен Көрнекті ауылының тұрғындары қанша жылдан бері, елдің өсіп-өнуіне барынша күш салысып, бүгінгі күні еңбек демалысына шығып отырған Ерғосай  Қаппасов пен Қалиолла Қасеновке «Құрметті ардагер» төсбелгісін табыстап, округ әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ауыл тұрғындарына қойылған сауалдардың жауабы табылатындығын айтып, істеріне сәттілік, жұмыстарына табыс тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.