Ұстаз мәртебесі жоғары болу керек…

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов арнайы жұмыс барысымен Бурабай ауданына келіп, бірқатар мекемелерді аралады. Соның ішінде білім жағына аса назар аударған сенатор білім бағбандарының мәртебесі жайлы кеңінен пайымды пікірімен бөлісіп, мұғалімдермен кездесті. Қазіргі таңдағы білім реформасының жағдайы, болашақта білімді жастардың қатарын көбейтіп, оқу-білім арқылы тәуелсіз елдің экономикалық қалыпты ұстау керектігін баса айтты.

Бұдан бөлек Сенат депутаты Щучинск қаласында жоғары техникалық колледждың ғимаратын аралап, мұражайына бас сұғып, өзінің қолтаңбасын қалдырып, мұғалімдерімен жүздесті. Сонымен қатар жоғары педагогикалық колледждың ұстаздарымен де жүздесіп, ішін аралап көрді.

Халық қалаулысына аудан басшысы Әсет Мұздыбаев жол бастап, бүгінгі ауданымыздың экономикалық жағдайымен кеңінен таныстырып, ақпаратымен бөлісті. Сенат депутаты Бақытжан Тұрсынұлы бүгінгі жасалып жатқан бағдарламалардың барлығы ертеңгі ұрпақтың қамы. Сондықтан әрбір іске немқұрайлы қарамай, мақсатымызды айқындап, ел игілігі үшін жұмыс жасау қажет деді.

                                                             «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *