Әл- Фараби тағылымы — болашақтың бойтұмары

Адамды екі нәрсе қартайтпайды:

 бірі — жақсы мінез, екіншісі — жақсы сөз. 

Абай Құнанбаев

 

Ия, қаншама жылдар өтсе де артында қалған мол мұрасын, жақсы сөздерін  кейінгі ұрпақ үлгі тұтып жүргені хақ. Әрбір саналы адам  өткеніне үңіліп, кейінгі тіршілігінен үміт күтіп отыратын кездері  болады емес пе?! Мен де ұлы ұстаз Әл-Фарабидің  жазып қалдырған тағылымы мол мұрасынан  біршама ой түйіп, өзіме сабақ алғандаймын.

«Адам деген пенде ғой, періште көкте ғана»,-деп жырлап жүрген бүгінгі ақындарымыздың осы бір сөздерін ұлы ғұлама әдемі жыр өрнектерімен былай өрген екен:

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ,- деп  шындықты айту, пенделікке салынып, өмірде ағаттық жасамау жайлы пікірлері құлақ салар ұрпаққа айтар ой іспеттес.

Шіркін, тәрбие мен білімді тең ұстап өскен ұрпақ қандай бақытты десеңізші?! Ұлы ұстаз «Біліміңмен көпке танылып, ел ағасы болған сәтте мансап қуып, қу нәпсіңді құлқыныңа құл етуден аулақ бол!» деп насихат еткен екен. Осы орайда, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби тек ұстаздығымен емес, даналығымен де маған ой салды. Оның мына бір тапқырлық сөзінде қаншама терең ой жатыр десеңізші?!

Бір күні әлдекім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» — деп жауап берген екен.

Ендеше, осы даналық ойдан кейін «адамдықтың диханшылық дәнін» себейік, келер ұрпақ тәрбиелі де, тәлімді болсын десек, ғұламаның озық ойлы сөздерін санамызға тоқиық, достар! Себебі, Әл- Фараби тағылымы — болашақтың  бойтұмары. Келешектің саналы болуын армандап өткен ұлы ұстаздың өлең жолында аманат бар тәрізді.

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында.

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.

«Аманатқа қиянат жасамайық!» достарым.  Ел ертеңі біздің қолымызда!

Кабдуллин Мадияр,

№9 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.