Ана — гүл, Ана — жыр, Ана — өмір шуағы

Анаң  болса  қасында

Басқа  бақыт  не керек

Аналардың  жүрегі

Мейірімді  ғой  керемет — дегендей, көктемнің  алғашқы  мерекесі  де келіп жетті. Елімізде осы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарымызға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Себебі -ана, өмірдің гүлі,  әр отбасының алтын діңгегі.

Щучинск қаласындағы «БТӨК Мерей» ЖШС балабақшасының «Балапан» сәбилер тобында «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» атты ертенгілік өткізілді. Ертеңгілікке келген балалар ерекше әдемі киімдер киіп келді. Барлығы барынша белсене қатысып, ән айтып, би  биледі. Аналарына, әжелеріне арнап «Анам гүлдің бағбаны» атты өлендерін айтты, қызықты ойындарын ойнады. Ертеңгілігімізге Ару Көктем мен Бұзақы бала қонаққа келді. Олар өз өнерлерін  көрсетті. Балаларымыздың жүздері  бал-бұл жайнап, көңілдері көтеріңкі, мәз мейрам болды. Сонымен қатар балаларымыз аналарына гүл шоғын  арнады.  Әрдайым  осы  балапандарымыз аман болсын,  гүлдей  жайнап жүре берсін.

Шолпан Қасенова, «Балапан» тобының тәрбиешісі

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.