Батареяның қоршаған ортаға әсері

Заман дамыған сайын, табиғатқа зиян келтіретін өнімдердің саны артып келеді. Соның бірі -батареялар.

Бүгін біз өзіміздің өмірімізді энергияның осы  шағын көздерінсіз елестете алмаймыз. Батареялар әртүрлі құрылғылардың жұмысын жасайды: олар ойыншықтарды, сағаттарды, қол шамдарын, ұялы телефондары, ноутбуктар мен компьютерлерді іске қосады,  медициналық құрылғыларда қолданылады. Батареяларды миллиондап шығарғанымен, олардың құрамындағы химиялық заттардың азайуына байланысты олар істен шығып, ескіріп, күнделікті қолданыстан шығып, оны лақтыруға тура келеді. Алайда көптеген адамдар қоқыста жатқан осы батареяалардың  қоршаған ортаға, адамның денсаулығына алып келетін зиянын ескере бермейді.

Күнделікті қолданатын батареялардан арнайы сызылған контейнер түріндегі шартты белгілерді көре аламыз. Ол «Лақтыруға болмайды! Арнайы орындарға апарып тапсыру керек!» дегенді білдіреді. Батареядағы бұл белгі  жайдан-жай тұрған жоқ! Себебі, батареялардың құрамында әр түрлі металдар бар. Атап айтсам: сынап, никель, кадмий, қорғасын, литий, марганец және мырыш, олар тірі организмдерде, соның ішінде адам ағзасында жиналып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді.

Зерттеу жұмысына дайындық үстінде көптеген тәжірибелерді жасау арқылы батареялар топырақтың құрамын бұзып, өсімдіктерді шірітетінін және улы токсиндердің ауаға таралып ауаны ластайтынын білдім. Ал батареяның құрамындағы химиялық элементтер адамда ми, жүйке арурларын тудырып, қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.

Батареяларды қоқысқа лақтыруға болмайтындықтан, оны арнайы қабылдау жерлеріне апару керек. Қаламызда осындай батареяларды қабылдау орталықтары ашылса екен. Қоршаған ортаға бей-жай қарамай, табиғатымызды аялайық!

Қайратбекұлы Жасұлан, Жасыл ауылының НМ 4-сынып оқушысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.