Шоқтығы биік ауылым

Жазығы кең көсілген  далам қандай,

Қарағай мен қайыңы сұлу сондай!

Сұлулық табиғатқа біткен жайнап,

Жыр етем ауылымды Абылайхандай.

 

Сұлу өлкем, мөлдір бұлақ толқыған,

Құтты мекен ата-бабам қоныс қылған.

Кетсем қазір алыстап мен қалаға,

Құшағыңа жеткенімше асығам.

 

Егісі қамба толған  алтындайын,

Мен қалай осыны айтпай басылайын.

Көкорай шөбі шүйгін балаусалы,

Қалайша жаннатымды жасырайын.

 

Осы елде өсіп-өнген  атам менің Қабдолла,

Ұстаз болып, білім беріп, еңбегі сіңген халқына.

Осы ауылда ел басқарған елжанды ер әкімің,

Ол да менің ағам болады есімі оның Ғарифолла.

 

Киелі мекен, ұлы мекен, құт мекен,

Талай ақын өсіп-өнген өңірден.

Нұрмияш пен Тоқан ата жырларын,

Көкірегіме зейінмен тоқып өскем.

 

Кең көсілген даласы алып тұлға,

Көруден ауылымды қағыс қалма.

Тау, тасты көкорай бел табиғаты,

Жаны жайсаң қонақжай халқы да.

 

Келгендер ауылыма тамсанады,

Жел соқса қыр басынан ән салады.

Өрендері өр тұлғалы, шеттерінен өнерлі,

Сондықтан да ауылымның шоқтығы биік өрелі.

 

 

Қабдуллин Мадияр,

№9 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *