Оқырмандармен қашықтықта жұмыс

Бурабай ОКЖ-нің кітапханашылары еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқырмандармен өзара байланысты үзбей, ақпаратты жеткізу мақсатында қашықтықтан жұмысты жүргізуде. Біз, кітапханашылар елімізбен, оқырмандарымызбен  біргеміз. Осындай қиын кезде оқырмандарға үйде отырып, кітап оқып, жан-жақты мағлұмат, рухани азық  алсын деген ниетпен кітапханамыздың фейсбук парақшасында арнайы шараларды жүргізуді қолға алдық. Атап айтсақ, «Автор және оқырман» жобасы аясында өлкеміздің белгілі тұлғалары, ақын-жазушыларының  өмір жолын, шығармашылығы, олар туралы қызықты деректер беріледі. Сондай ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша, өлкеміздің әдебиетін кеңінен насихаттау мақсатында  ҚР Ұлттық электрондық кітапханасы қорындағы Бурабай өлкесінен шыққан қаламгерлердің әдебиеттерін жариялаудамыз. Оқырмандарға қысқаша ақпарат ұсынылып, төменде сілтемелер көрсетіледі. Сол арқылы кітапты толық электрондық түрде оқуына мүмкіндік бар және оқырман мен автордың арасында байланыс арта түседі.

Сонымен қатар, кітапханашылар биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясын қолдап, «Жанды кітап-Живая книга» форматында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан  үзінді оқып, талқылауда. Оған қоса, «Абай әлемі» атты QR-код қосымшасы арқылы виртуалдық көрме ұсынылып, Абай туралы құнды деректер, шежіресі, архив беттерінен тарихи суреттерді фейсбук парақшамыздағы оқырмандарымыз аса қызығушылықпен қарауда. Кітапханашылар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына да жете көңіл бөліп, батырларымыздың рухына тағзым ретінде Жеңіс тақырыбында өлеңдер оқуда және Щучинск қаласының Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз туралы деректер жарияланып, оқырмандар кітапханашылармен бірге виртуалдық саяхат жасайды. Бұл кітапханашылардың жасап жатқан игі істерінің барлығы оқырман қауымына арналады. Қазіргі таңдағы сынақ кезеңнен өтіп, сабыр сақтап, оқырмандарымызбен руханият шырақшысы кітапхана шаңырағында  амандықта қауышуға алла нәсіп етсін.

Н. Рамазанова, Бурабай ОКЖ директоры

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.