Орманшы болғыңыз келсе…

Қазақстан Республикасы Нұр-Cұлтан қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті бар. 1957 жылы алғашқылардың бірі болып Агрономия факультеті құрылды, ол Солтүстік Қазақстан өңірлері үшін ауыл шаруашылығы мамандарын даярлады. Орман шаруашылығы үшін мамандар даярлау қажеттілігі 2000 жылдардың басында туындады. Агрономия факультетінің базасында орман шаруашылығы мамандарын даярлау 2001 жылдан басталды. 6М080700 –»Орман ресурстары және орман шаруашылығы» магистратурасы 2008 жылдан бастап ашылды, ал осы мамандық бойынша PhD докторанттарын даярлау 2013 жылдан басталды.

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасы 2012 жылы құрылды.

Мамандарды даярлау 2 тілде жүргізіледі: орыс және қазақ. Мамандарды дайындауда орман шаруашылығы саласындағы жетекші мамандар жүргізуде.

Кафедраның алыс және жақын шетелдердің ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланысы бар: Варшава жаратылыстану ғылымдары университетімен, Краков ауыл шаруашылығы университетімен (Польша), Кастамону университетімен (Түркия), Чех жаратылыстану ғылымдары университетімен (Чехия) және т.б.. Кафедра 2010 жылдан бастап Tempus — JPCR халықаралық жобасына, ал 2015 жылдан бастап Erasmus + жобаларына қатысады.

Ынтымақтастықтан басқа бакалаврлар мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен магистранттар Ресейде, Польшада, Түркияда бола алады.

Орман шаруашылығы үшін мамандардың тәжірибелік дайындықтарын жақсарту үшін жаңа құралдар мен жабдықтар сатып алынған. Орман шаруашылығы және көгалдандыру мекемелерімен өндірістік тәжірибе өткізу туралы шарттар жасалынған. Оқу тәжірибесі Ақкөл питомнигінде өткізіледі.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *