Шаруалар қарқынды жұмыс үстінде

 Ауданымызда көктемгі егіс науқаны басталды.  Қыс қамын жаз ойлаған ауыл еңбеккерлері егін егу науқанына белсене кірісіп жатыр. Беталыстары қанағаттанарлық. Жоспар бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-115,2 мың гектар, майлы дақылдар-32,7 мың гектар, жем-шөп дақылдары-13,1 мың гектар, картоп-3,28 мың гектар, көкөністер-0,35 мың гектар алқапқа егіліп жүргізілуде. Сонымен қатар қазіргі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-84,7 мың гектар, майлы дақылдар-19,9 мың гектар, көпжылдық шөптер-2,1 мың гектар, жылдық шөптер-1,5 мың гектар, картоп-3,2 гектар, көкөніс-0,3 мың гектар жерлерге егілді.

Жалпы өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы шаруалар үшін қолайлы жыл болмақ. Бұйыртып жатса, күзде жауын-шашыннан аман өтіп,  мол астықты қамбаға құйып алсақ, ел игілігі емес пе?

Өткенде аудан басшысы Әсет Мұздыбаев ауданымызға қарасты елді-мекендегі шаруаларға барып, көктемгі егіс науқанымен танысып, шаруалармен жүздесті. Шаруалардың жағдайы қалыпты. Бастысы бойымызда күш-қайрат болсын, бірлесіп ел игілігі үшін еңбек етеміз,-дейді сөз арасында.

Иә, бір кісінің еңбегі, мың кісіге ырыздық деген. Іске сәт, диқаншы қауым!

 

Аудан әкімінің сайтынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *