Бала қуанса, әлем шаттанады

Бірінші маусым балалар мерекесіне орай, қаламыздағы балалардың денсаулығын қадағалау орталығы ашылды. Бұл орталық 0 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық қалыпты жағдайын сақтап, иммунитетін көтеруге мүмкіндігінше көмек береді.

Орталықтың жалпы аумағы 150 шаршы метр. 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған көлемді хауызы бар, сонымен қатар 1 — 12 айлық балаларға арналған шағын хауызбен қамтылған.

Аталмыш орталыққа Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова барып, ата-аналармен, орталық қызметкерлерімен жолығып, ашылу салтанатына қатысып, құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *