Бурабай ауданы әкімінің Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтауы

 

Құрметті бурабайлықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің басты құндылығы, тәуелсіздігіміздің нық тұғыры, асқақ айбыны, еліміздің ерекше қастер тұтатын, халық бірлігінің нышаны — ол мемлекеттік рәміздер. Мемлекеттік рәміздер-қайталанбас ерекше құндылық. Тәуелсіздіктің самалымен тыныстап жүрген әрбір азаматымыз мемлекетіміздің бет-бедерін көтере жүріп,  мемлекеттік рәміздерді қадірлеп,  еліміздің символдарына құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру керек. Патриоттық сезім әрбір қазақстандықтың жүрегінде сақталып, Отанына деген махаббатымен қатар тіліне, тарихына деген ықыласы жоғары болуы қажет.

Еліміздің Әнұраны шырқалып, көк Туымыз желбіргенде біздің бойымыздағы Отанымызға деген сүйіспеншілік артып, жастарымызды өзінің туған жерін қадірлейтін, құрмет тұтатын тұрақтылық пен келісімді сақтайтын мемлекетке адал қызмет атқаратын тұлға қылып қалыптастырып тәрбиелеуіміз керек.

Қымбатты жерлестер! Осы мереке күнінде сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, нұрлы аспан тілеймін. Бейбітшілік, келісім, тұрақтылық, қашанда еліміздің көк туының астында желбіреп, әнұранның асқақтаған үнімен, қазақстандықтар мен еліміз асқақ шыңдарға жете берсін!

Ә. Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *