Оқу жылы аяқталды…       

Биылғы 2019-2020 жылғы оқу жылында Бурабай ауданы бойынша 272 түлек қасиетті білім ордасынан қанат қаққалы отыр.

Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектердің 30-ы «Алтын белгіден» үміткер. 8 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Биылғы елімізде болған коронавирус карантиндік режиміне байланысты 188 оқушы ҰБТ-дан арнайы тест тапсырып ойдағыдай өткізді.

Жалпы 1-сыныптан бастап 11-сынып аралығында ауданымыз бойынша 10303 бала білім алды. Көрсеткіш жаман емес, карантиндік режимге байланысты үшінші тоқсанда онлаин — дәріс берілді. Оқушылардың үлгерімі ойдағыдай.

Тағы еске сала кететін қуанышты хабар, Ақмола облысы бойынша 160 мектеп күрделі жөндеуден өтпекші, бұның ішінде Щучинск қаласындағы №5 және 6 ОМ-і жөндеуден толыққанды өтпекші.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *