Алғысымыз шексіз

Ұстаз білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден-бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың таланты, біліктілігі мен жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол — шәкірт үшін айна тәрізді. Ұстазы жақсының — шәкірті үздік. Ұстаз — биік тұлға.

Сондай ұстаздардың бірі Оқжетпес орта мектебінің білікті мұғалімі — Имақанова Күлмайра Қошанқызы. Осыдан төрт жыл бұрын біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің 1-сыныпқа қабылдады. Бүгінде олар бастауышты бітірді. Осы жылдар аралығында жақсы біліммен қоса өнегелі тәрбие бере білді. Алғаш қолдарына қалам ұстатып, алға жетелей берді. Халықаралық және республикалық Абай оқулары өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауынан балаларымыз І-жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында дарынды оқушылар арасында Қазақстан мақтанышы сайыстарына қатысып, 4 оқушы І-дәрежелі диплом мен медальді жеңіп алды. Осы жылдар ішінде оқушылар түрлі іс-шаралардың бәріне қатысты. Халықаралық, республикалық, облыстық байқау, сайыс және олимпиада ғылыми зерттеу байқауларына да қатысты. Мәскеу қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба сайысында Кәріп Кенесары ІІ-дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.

Осындай керемет мұғалімнен білім алған балалар бақытты. Сіз біздің балаларымыздың санасына енгізген тәлім-тәрбие, үлгі-өнегеңіз өлшеусіз, ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен абыройлы істеріңізге табыс тілейміз. Сізбен қимай қоштасып жатырмыз.

Құрметті Күлмайра Қошанқызы, сізге әрқашан шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленуіңізді тілейміз! Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз еселене түссін. Мерейіңіз әрдайым үстем болсын! Шәкірттеріңіз сеніміңізді ақтап, шыңдардан көріне берсін!

4 «ә» сынып ата-аналары

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *