Көк байрағым желбіре!

Өткен жетіде Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне байланысты аудандық әкімдіктің жанында арнайы шағын жиын өтті.

Мемлекетіміздің тұғыры, көзіміздің қарашығындай сақтайтын мемлекеттік рәміздер мерекесіне Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, аудандық мәслихатының хатшысы Өтелбай Бейсенов және бірқатар қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Аудан әкімі Әсет Азаматұлы сөз алып, мемлекетіміздің құнды байлығы, тәуелсіздігіміздің басты тұғыры рәміздер жайлы пайымды пікірімен бөліссе, Бурабай ауданының «құрметті азаматы», педагогика саласының ардагері Бағила Қасенова апайымыз жалынды сөзін көпшілікке арнап, аға буынға тән ойын ортаға салды. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың хатшысы Өтелбай Бейсенов егеменді еліміздің басты байлығы, рәміздердің құндылығын, қасиетін айтып, ерекше мерекемен құттықтады.

Шағын жиыннан кейін, көк байрағымызды желбіреткен көліктер Бурабайға бет алып, Бөлектаудың шыңына шығып, мемлекеттік қызметкерлер туымызды желбіретіп қадады. Жалпы бар құндылық еңсесі биік елдің рәмізі. Көк туды қадірлеп, Әнұрамызды қасиет тұтып, Елтаңбамызды құрметтей білуіміз қажет. Тәуелсіздігіміз баянды болып, қашанда еліміздің жұлдызы жоғары болсын!

                                                     Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *