«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты аясында ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты аудандық онлайн жазба ақындар айтысының ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушылар: Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК

 

Айтыстың мақсаты:

— ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту;

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын ілгерілету;

— «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасының Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында шығармашылық мұрасын таныту.

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы  маусым айында.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

— айтысқа аудан ақындары қатысады;

— ақындардың жасына шектеу қойылмайды;

— қатысушылардың сөз өткірлігі, тапқырлығы;

— айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі;

— айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі;

— қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі.

 

Айтыстың өткізілу тәртібі:

  1. Айтыс үш кезеңнен тұрады:

— бірінші кезең; — іріктеу кезеңі;

— екінші кезең ;— жартылай финал;

— ақтық сын (финал).

  1. Ақындар жеребе қорытындысы бойынша анықталған қарсыласымен сөз жарысына түседі, әр кезеңде қарсыластар жеребе арқылы анықталады;
  2. Ақындар өзара интернет арқылы айтысып, бір-біріне тәулік ішінде жауап береді. Әр жұптың айтысы үш тәуліктен аспау шарт, әлдебіреуі жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Егер екі ақын бірдей жауапсыздық танытса, айтыстан шеттетіледі;
  3. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздер қысқартылады;
  4. Айтыс Бурабай аудандық мәдениет үйінің инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде жарияланады;
  5. Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады. Жүлдегерлер 1-орын, 2-орын, 3-орын сыйлықтарымен марапатталады;
  6. Айтыс қорытындысы Елорда күні мерекесі қарсаңында шығарылады.

Айтыстың қазылар алқасы:

— қазылар алқасының құрамында дарынды ақын-жазушылар, сөз өнерінің құнын білетін кәсіби мамандар болады;

— қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

— қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;

 

Өтініштерді тапсыру шарттары:

 

Қатысушы мына құжаттарды:

— Айтысқа қатысу туралы өтінім (берілген үлгі бойынша)

— 1 сурет (13х18 см); Өтініштер 2020 жылғы 20 маусым дейін мына мекенжайда: Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 34 немесе dk_shushinsk@mail.ru қабылданады.

 

 

ӨТІНІМ

Қатысушы ақынның Т.А.Ә._____________________________________________

Ұялы телефон нөмірі ________________________________________________

Мекенжайы _______________________________________________________ Жетістіктері________________________________________________________

Өтініш толтырылған күн______________________________________________

Ақпарат мына әлеуметтік желіден алынады: @dom_kultury_shchuchinsk

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *